Аптап ыстықта жайлы оазис жасауда

33
2026-06-02

Түркістанда  аптап ыстық басталды. Түс мезгілінде көшелер мен асфальт жамылғысы қатты қызатындықтан, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Соның бірі – аэро тәсілмен қала көшелеріне су шашу. Мамандар бұл жұмыс қоршаған ортаның жайлылығын сақтауға және жолдардың төсенішін қорғауға бағытталғанын айтады.

ӘБІЛҚАЙЫР ОЛЖАСҰЛЫ ТІЛШІ    

Түркістанда ауа температурасы күндіз 35 градустан асып тұр. Аптап ыстықтың әсерін азайту үшін коммуналдық қызмет мамандары қала көшелеріне су сеуіп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл жол бетіндегі қызуды төмендетіп қана қоймай, шаң-тозаңның көтерілуін де азайтады. Ал тұрғындар мен жүргізушілер мұндай жұмыстардың әсіресе жаздың ыстық күндерінде қажет екенін айтады.

Қазіргі таңда арнайы техникалар шаһардың негізгі көшелері мен тұрғындар көп шоғырланатын аумақтарында жұмыс жүргізуде. Су себу жұмыстары таңертең және күннің ең ыстық мезетінде ұйымдастырылып жатыр.

НҰРЖАН СҰЛТАНАХМЕТОВ "ТҮРКІСТАН ЖАРЫҚ-ТАЗАЛЫҚ" ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ  

Аэротәсілмен Түркістан қаласында тұрғындар көп жүретін, шоғырланатын жерлерге су шашылып жатыр. 11, 9, Саттарханов көшелеріне. Жалпы 10 көлік көшеде жұмыс жасап жүр. Бұның пайдасы жолдарға біріншіден, және ауаны салқындату бойынша, Жолдар ыстыққа еріп кетеді, соны құртып алмас үшін, көп пайдасын тигізеді негізінде.

Жазғы маусымда ауа температурасы көтерілген сайын мұндай жұмыстардың маңызы арта түседі. Сондықтан коммуналдық қызмет өкілдері көшелерге су шашу шараларын күнделікті жалғастыруды жоспарлап отыр.