Отырар төрінде «Түнгі кітапхана» жобасы аясында жас ақын Бауыржан Ерманның «Өмір атты мүмкіндік теңізінде» деген тақырыппен шығармашылық кеші өтті. Түн тыныштығы мен жыр әлемі астасқан кездесу поэзияға жаны жақын қауымға шабыт сыйлап, жүректерге терең әсер қалдырды. Қаламгермен өрбіген рухани құндылықтар турасындағы сырлы сұхбаттың куәсі болған арнамыздың тілшісі тарқатып айтып берсін.