Балалардың құқығын қорғау заңмен күшейтілді

10
2026-06-01

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл — ел халқының шамамен үштен бірі. Демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты биыл 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданды. Құжат балалардың білім алу, денсаулық сақтау және қауіпсіздік шараларын бір жүйеге біріктірген. Сонымен қатар, «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында биыл шоттарға 900 миллион доллардан астам қаражат бөлініп, әр балаға шаққандағы сома 130,71 долларға жетті. Бұл қаражатты жеткіншектер 18 жасқа толғанда білім алуға немесе баспана жағдайын жақсартуға жұмсай алады. Оқушылардың бойына құндылықтарды сіңіру үшін «Адал азамат» және буллингпен күресу мақсатында 70 мың оқушыны қамтыған «ДосболLIKE» бағдарламалары жүзеге асуда. Ал алдағы жазғы маусымда еліміз бойынша 11 мыңнан астам демалыс орталығы жұмыс істеп, 3,2 миллион бала сауықтыру шараларымен қамтылады.