Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Президент балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, сапалы білім мен тәрбие алуына жағдай жасау мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, отбасы институтын нығайту мен дәстүрлі құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы биыл қолға алынған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын атап өтіп, өскелең ұрпақты жан-жақты қолдау Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.