Тағы бір елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді

9
2026-05-29

Бәйдібек ауданындағы тағы бір ауыл көгілдір отынмен қамтылды. Табиғи газ игілігінің арқасында енді Алмалы ауылдық округінің тұрғындарының тұрмыс сапасы жақсара түспек. Көпшіліктің қуанышын бөлісуге әкімдік өкілдері мен ел ағалары да келді. Ұзындығы 9 шақырым болатын газ құбырының іске қосылуы аудандағы  41 елді мекенді табиғи газбен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Алдағы уақыттағы осы бағыттағы жұмыстар жалғасып, тағы алты  елді мекенде газдандыру ісі жалғаспақ.  Салтанатты  шарада сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпейіс Ақбаев, бұл бастаманың  ел қамы үшін атқаралып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі екенін атап өтті.