3 миллионнан астам бала лагерьде демалады

9
2026-05-26

Биылғы жаз балалар үшін ерекше өтпек. Өйткені,  биыл елімізде 3 миллион 200 мың оқушы жазғы лагерьлерде демалады. Үкімет отырысында белгілі болғандай, каникул кезінде 11 мыңнан астам сауықтыру орталығы белсенді жұмыс істемек. 3 миллионға жуық бала мектеп жанынынан ұйымдастырылған лагерлерге,  200 мыңнан астамы маусымдық демалыс орындарына жолдама алады. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардан шыққан 729 мың бала мен ерекше күтімді қажет ететін 53 мың бүлдіршін ларгерге тегін барады. Оған қоса, республикалық «Балдәурен» және «Бөбек» орталықтары 5 мың олимпиада жеңімпазын қабылдаса, өңірлерде тағы 370 мың талантты оқушыға арнайы қолдау көрсетіледі. Биыл балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Әрбір нысанға жеке полиция инспекторлары бекітіліп, лагерь қызметкерлерінің соттылығы толық тексеруден өтеді. Бұдан бөлек, жаңадан ашылатын орталықтар жай ғана ойын алаңы емес, робототехника кабинеттері және IT зертханалармен жабдықталған заманауи білім ошағына айналады.