Көктем шыға қансорғыш кене қайта қаптап, жұрттың мазасын қашырады. Биылдың өзінде облыста 600-ге жуық адамды кене шағып, екеуінен қырым қанды безгегі анықталған. Қауіпті дерттің дені мал арқылы тарайды. Сондықтан бір айдан бері ветеринар дәрігерлер қора-қопсы мен жайылымдарды дәрілеп, жұқпалы індеттің таралмауы үшін әрекет етіп жатыр.