Әкімшілік әділетке – 5 жыл

10
2026-05-26

Заң үстемдігі мен азамат құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің басты қағидаты. Түркістанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуына орай заң саласының мамандары бас қосты. «Достық» үйінде өткен дөңгелек үстелде әкімшілік әділет жүйесінің бүгінгі нәтижелері мен болашақ бағыттары талқыланды. Мамандар бұл кодекстің халық пен мемлекеттік орган арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтергенін айтты.