Түркістан
EN

Пандемияда пайда көрмек болған шенділер сотталды

179
20.04.2022

Коронавирус өршіп тұрған кезде бюджеттің қаржысын талан-таражға салған Көкшетаудың денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты. Сулен Жеңісұлы мен «Авиценна» медицина орталығының жетекшісі 8 жылға сотталды. Екеуі пандемия күшейген шақта медициналық төсек пен жасанды тыныс алу аппараттарын сатып алған. Кейін белгілі болғандай барлық техника ескі, кепілдігі жоқ және қажетті талаптарға мүлдем сай болмаған. Сондай-ақ, оның бағасын тым қымбаттатып көрсеткен. Осылайша мемлекетке 100 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Бұл іс бойынша облыстық Туберкулезге қарсы диспансердің бұрынғы бас дәрігері де айыпталған болатын. Ол амнистияға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ал бұл іс бойынша кінәлілер жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді.