Түркістан
EN

Кортеж ұйымдастырғандар айыппұл арқалады

36
26.05.2026

"Соңғы қоңырау" мерекесінде көшеде кортеж ұйымдастырып, көңіл көтереміз деген 21 түлектің ата-анасына айыппұл салынды. Мұндай сән-салтанатқа тиым салынғанына қарамастан,  бір топ жасөспірім  мектептегі салтанатты жиыннан кейін Алматы көшелеріндегі жол қозғалысы қауіпсіздігін өрескел бұзған. Полиция өкілдері 5 әкімшілік хаттама толтырып, автокөліктерді айыптұрағына қойды. Мамандар ата-аналар мен мектеп түлектерін  заң талаптарын сақтауға және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.