Жасөспірімдер арасында дзюдодан турнир өтті

13
2026-05-25

 Түркістан облысында КСРО спорт шебері, білікті дәрігер әрі басшы, медицина ғылымдарының кандидаты Сейітжамал Пакеевті еске алу мақсатында жасөспірімдер арасындағы дзюдо турнирі өтті. Дүбірлі жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен ғана емес, көршілес аймақтардан да жас балуандар жиналды. Боз кілемге шыққан әр спортшы жеңіс үшін ғана емес, алдағы үлкен сайыстарға жолдама алу үшін де бар күшін салды. Турнирдің тартысты сәттерін тілші жалғастырады.