Қарулы Күштердің 4 жарым мыңнан астам жауынгері Отанға адал қызмет етуге серт берді. Салтанатты шара Тараз, Жаркент, Ақтау, Атырау мен Ақтөбе сынды бірнеше гарнизондардағы 19 әскери бөлімде қатар өтті. Жас сарбаздарды қолдауға ата-аналары мен туыстары, ардагерлер арнайы келді. Жауынгерлер бір айлық дайындық курсында әскер тәртібіне бейімделіп, қару-жарақты қолдану негіздерін меңгеріп үлгерген. Салтанатты шара барысында әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыс пен саптық машықтарын көрсетіп, жиналған қауымды таңдай қақтырды. Ал кешкі уақытта ұйымдастырылған дрондардың ерекше шоуы мерекенің көркін қыздыра түсті.