30 шақырымдық айналма жол салынады

11
2026-05-25

Түркістан қаласындағы көлік кептелісін азайту мақсатында ірі жоба жүзеге асуда. Қаланың шығыс айналма жолының құрылысына 58 миллиард теңге қаржы жұмсалады. Ұзындығы 30 шақырым болатын көлік дәлізімен тәулігіне 20 мыңға жуық көлік еркін  қатынайды.  Мамандардың айтуынша, жоба толық іске қосылғаннан кейін транзиттік көліктер қала ішіне кірместен, сыртқы айналма жолмен  сапарын жалғастыра береді.  . Бұл өз кезегінде шаһардағы көлік кептелісін азайтып, экологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсер етеді дейді жауаптылар.