Елімізде 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтады. Оның ішінде 215 мыңы – 11-сынып түлектері. Мектеп бітірушылердің арасындағы 18 мың оқушы "Үздік аттестатқа" үміткер. Ал, оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтаған балалар саны 31 мыңнан асады. Оқушыларға арналған қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілген. Яғни, 9-сынып оқушылары үшін емтихан 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Ал 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2 маусым мен 15 маусым аралығында болмақ. Сондай-ақ, биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады. Айта кетейік, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мың педагог еңбек етіп жүр.