Алматыда құтқарушылар бес жасар баланы терезеден құлап кетуден аман алып қалды. Оқиға Алатау ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Төтенше жағдай қызметіне алтыншы қабаттағы пәтердің ашық терезесі маңында отырған бүлдіршіннің өміріне қауіп төнгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар автосатының көмегімен баланы қауіпсіз жерге шығарып алды. Сол кезде пәтер есігі ішінен құлыптаулы, ал, ата-анасы үйде болмаған. Құтқарушылар шапшаң, кәсіби әрі үйлесімді әрекеттің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды. Кейін бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды.