Диқандардың қарызы 966 миллион теңгеден асты

10
2026-05-22

 Ағйын суды пайдаланған диқандардың «Қазсушар» кәсіпорнына қарызы 966 млн теңгеден асты. Былтыр жыл соңында берешек 2,13 млрд теңге болса, бүгінде бұл сомма екі есеге азайған. Қордаланған қарыздың көп бөлігі Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстарына тиселі. Осындай жәйтті болдырмау үшін  «Қазсушар» мекемесі енді жаңа электронды жүйе енгізді. Егер тұтынушының 5 мың теңгеден көп қарызы болса, келесі маусымда су берілмейді. Мекеме өкілдері су ақысын  уақытында төлеу - суару маусымының тұрақты өтуі үшін маңызды екенін айтты. Өйткені жиналған қаржы каналдарды тазалау, жөндеу және қажетті материалдарды алуға жұмсалады.