Ішкі істер министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде синтетикалық есірткі өткізудің арналарын жойды. Мамыр айының екінші онкүндігінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері бірнеше өңірде аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі партияларын анықтады. Алматы қаласында өткізілген жедел іс-шара барысында қала тұрғыны ұсталып, одан екі келіден астам альфа-PVP тәркіленген. Сондай-ақ мегаполистің тағы бір тұрғынының мекен жайынан шамамен бір келі синтетикалық есірткі мен психотроптық әсері бар дәрілік заттар табылды.