Алғаш рет жасанды интеллект қолданылған концерт өтті

4
2026-05-21

 Ұлттық ұланның оркестрі алғаш рет музыкалық туындыларға цифрлық технология элементтерін енгізіп, ерекше концерт өткізді. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Таразда ұйымдастырылған «Жайна, Таразым!» атты шығармашылық кештің заманауи форматы көрерменді тәнті етті. Концерт әскери дирижерлердің 5513 әскери бөлімінің базасында өткен үш күндік оқу-әдістемелік жиыны аясында ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында «Керней», «Жайна, Жамбыл», «Ана туралы жыр» және «Қазақ ұланы» сияқты белгілі туындылар орындалды. Әскери оркестрдің кәсіби шеберлігі мен нейрожелі мүмкіндіктерінің тоғысуы өнер сүйер қауымның жоғары бағасына ие болды.