Қызылорда облысында күріш алқаптарын суару жұмыстары басталды. Қазіргі таңда 50 мың гектарға жуық жерге күріш себіліп, егістікке су жіберілген. Еске салсақ, биылғы вегетация кезеңінде Қызылорда облысында күріш алқабының көлемі 70 мың гектардан аспауы тиіс. Сондай-ақ, Су ресурстары және ирригация министрлігі өңірге 3,2 млрд текше метр көлемінде су пайдалану лимитін бекіткен еді. Бұл өзгеріс суды ұтымды әрі тиімді пайдалану мақсатында енгізілген.