Қазақстандағы курорттар неге қымбат?

5
2026-05-21

Қазақстан курорттарындағы  демалыс құны шетелден қымбат. Мәселен, Балқашта бірнеше күн демалу үшін Түркияға баратындай қаражат жұмсау керек. Сұраныс жоғары, бірақ сервис сапасы бағаға мүлдем сай келмейді. Туризм индустриясы комитеті бұл жағдайды жатын орындарының тапшылығымен түсіндірді. Мамандардың айтуынша, кейбір демалыс аймақтарында туристер ағыны ресми статистикадан 7 есе көп. Тиісінше, орындар жетіспеген соң, демалыс базалары бағаны негізсіз аспандатып жіберген. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет курорттық аймақтарды кебейтуді жоспарлап отыр. Егер демалыс орындары көбейсе, нарықта бәсекелестік пайда болып, баға автоматты түрде төмендеуі тиіс. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап қонақүйлер мен шипажайларды міндетті түрде халықаралық стандарттар бойынша жіктеу жүйесі енгізілмек. Бұл «жұлдыз» санына қарап, сервистің сапасын қатаң бақылауға мүмкіндік береді. Соңғы 5 жылда елімізде демалыс және мәдениет саласындағы бағалар 88 пайыз өскен.