Созақ ауданында «Эко-Трак» экологиялық мобильді жобасы өз жұмысын бастады. Бұған дейін Түркістан қаласында таныстырылған бастама енді аудан мектептерінде жүзеге асырылып жатыр. Жоба «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынып, оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Мұнда балалар қоқысты сұрыптау, қайта өңдеу және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарға тәжірибе жүзінде қатысады.