Түркістан облысы Жаңатіршілік елдімекенінің тұрғындары жол азабын тартып келеді. Ол аздай ауылда ауыз су жоқ. Тұрғындар тіршілік нәрінен таршылық көруде. Мәселесін айтып, әкімдікке барғанымен қайран болмай отыр. Жолдың азабын тартып жүргендердің бірі Жұпаркүл Жарқынбекова. Немерелерін балабақшаға апару үшін күн сайын мынадай кедір-бұдыр жолдармен жаяу жүруге мәжбүр. Айтуынша, осы уақытқа дейін жол салынбаған. Әзірге ауа райы ашық болып, жылы шырай танытып отыр - деп мұңаяды зейнеткер. Ал сәл жаңбыр себелеп, өтсе, жаяу адам тұрмақ көліктің өзі жол батпаққа батып қалады. Сонымен қатар ауылда ауыз су тапшы. Мамандар екі мәрте су құбырларын тартқанымен қайран болмай отыр. Алғашқыда 2 сағат қана берілген. Енді одан да қайран болмай отыр. Көпшілік суды сатып алып ішеді. Ал әкімдегілер болса бұл мәселеден хабардар. Құжаттардың дайындап, бәрін өткізіп қойдық. Ендігі жұмыс жоғары жақтың еншісінде дегендей сыңай танытып отыр. Осылайша әкім қаражат бөлінсе, жыл соңына дейін бәрін реттейміз дейді. Алайда, тұрғындар шенеуніктің сөзіне сенгісі жоқ. Себебі, мәселелерін билікке жыл сайын айтып келеді. Бірақ қарашаның талабы әлі күнге дейін орындалмаған.