«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты патриоттық кездесу өтті

13
2026-05-20

 Бүгінде жастарды әскери қызметке баулу қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта өңірде «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты патриоттық кездесу өтті. Шараға жиналған колледж студенттері мен жастар сұрапыл майданның сызын сезген ардагерлермен тілдесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Әскери қызметтің маңызы мен Отан алдындағы жауапкершілікті тереңірек түсініп, ерлік пен елге қызмет етудің мәні жайлы әңгіме өрбітті.