Полицейлер 700-ден астам қылмыскерді қолға түсірді

13
2026-05-20

Соңғы екі жылда Қазақстан полициясы өзге елдердің құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген 656 қылмыскерді қолға түсіріп, құзырлы органдарға тапсырған. Бұл туралы Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер министрлерінің екінші кездесуінде белгілі болды. Алқалы жиында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және трансшекаралық қылмыспен бірлесе күресу мәселелері пысықталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл бағыттағы серіктестік екіжақты нәтиже беріп отыр. Мәселен, Орталық Азия елдері мен Қытайдың құқық қорғау құрылымдары Қазақстанның сұрауы бойынша шекара асып, бой тасалап жүрген 86 қылмыскерді құрықтаған. Халықаралық деңгейдегі мұндай жедел әрекеттестік аймақтағы қылмыс деңгейін төмендетуге және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға септігін тигізбек.