Ақмола облысындағы Көкшетау мен Степногорск қалаларының жылу жүйелерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлінді. Қаржының барлығы Үкімет резервінен алынады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражаттың негізгі бөлігі, дәлірек айтсақ 2,7 млрд теңге Степногорскідегі магистральдық жылу желісін жөндеуге жұмсалмақ. Оның ұзындығы 7,5 шақырым. Қалған ақшаға Көкшетаудағы жылу қазандықтары, жабдықтары қалпына келтіріледі. Қала тұрғындарын жылумен тағы 2 қазандық қамтамасыз етеді.