Халықаралық музей күніне орай Отырарда өткен «Отырар – өркениеттер тоғысындағы түн» атты «Музей түні» акциясы тарих пен мәдениетті ұлықтаған тағылымды кешке айналды. Көне шаһар мұрасын дәріптеген шарада келушілер музей экспозицияларын тамашалап, археологиялық жәдігерлермен танысты. Театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, көрмелер мен концерттік бағдарламалар көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, музей саласының дамуына үлес қосқан қызметкерлер марапатталып, тарихи мұраны сақтау мен насихаттаудың маңызы кеңінен айтылды.