Түркістанда «Эко-Трак» мобильді экологиялық жобасының таныстырылымы өтті. Жоба «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып, енді Созақ ауданындағы мектептерді қамтымақ. Мамандардың айтуынша, бастама өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызын тәжірибе арқылы үйретуге бағытталған.