Түркістан облысында былтыр құны 100,1 млрд. теңге болатын инвестициялық жобалар іске қосылған. Енді бұл нәтижені одан әрі дамытуға күш жұмсалуда. Осы мақсатта облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторларды қабылдап,келіссөз жүргізді. Шетелдік кәсіпкерлер өңірдегі тоқыма өнеркәсібін өрістетуге ат салыспақ. Атап айтсақ, мата тоқу және бояу, киім тігу, үй текстилін өндіру, медицинада пайдаланылатын қорғаныс заттарын шығару және жаңа текстиль материалдарын әзірлеу секілді жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Осы бастама жүзеге асса 500-ден 700-ге дейін жұмыс орны ашылады. Кездесу барысында екі тарап жобаларды зерделеп, әріптестік орнатуға уағдаласты.