Түркістан
EN

Шардара су қоймасында күніне бес тоннадан астам қоқыс жиналады

192
19.04.2022

Шардарада су қоймасынан бір күнде бес тонна қоқыс жиналып, 200-ге жуық балық құтқарылды. Сорақысы 30 мың метрге жуық иесіз балық аулау торлары анықталды. Бұл «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акция барысында белгілі болды. Стратегиялық маңызды нысан соңғы жылдары қаскөйлердің кесірінен ластана бастады. Акция барасында Арал- Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері мен жергілікті қорықшылар және еріктілер су айдынын күл- қоқыстан тазартты. Табиғатқа қол сұққандарға салынатын айыппұл көп емес. Сондықтан болар, браконьерлер үйреншікті орындарына келгіштей береді. Акция кезінде мамандар арнайы қайықтардың көмегімен су жағалауларында қойылған ауларды жинап шығарып тастады. Қазір балықтардың уылдырық шашар уақыты. Сондықтан ау салуға  мүлдем тыйым салынған. Десе де заңды елемейтіндер көп. Инспекторлар сол себепті күні-түн су айдынын күзетуде. Шардараның суын жағалап, нуын саялайтындар көп. Олардың көбі  артын жинамай, қоқыс тастап кетеді. Мәселен былтыр Шардара су қоймасының аумағынан 60 тоннадан астам күл- қоқыс шығарылыпты. Инспекторлар халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастауды ескертіп отырады. Дегенмен ескертуге немқұрайлы қарайтындар жетерлік.