Түркістан
EN

Теңге ілуден әлем чемпионаты аяқталды

106
18.05.2026

Түркістанда теңге ілуден ІІ әлем чемпионаты қорытындыланды. Облыс орталығындағы атшабарда өткен дүбірлі додаға әлемнің оннан аса елінен 40-қа жуық спортшы қатысқан. Олар ұлттық спорттың «Қос құлаш», «Бес белес» және «Алтын тұяқ» түрлері бойынша сынға түсіп, ептілік пен шеберліктерін танытты. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, Бейбарыс Сапар қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Ал «Алтын тұяқ» стилі бойынша өнер көрсеткен Қанат Бақтыбай күміс жүлдені иеленді. Осылайша, халықаралық чемпионат қорытындысында Түркістан облысының қоржынына 1 алтын және 1 күміс медаль түсті.