Саммит қаупісіздігіне кибертрактар қызмет етеді

44
2026-05-14

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында Түркістанда қауіпсіздік пен жедел әрекет ету тетіктері күшейтілді. Соның бірі – құтқару қызметінің заманауи техникалық мүмкіндіктерін көрсететін Tesla Cybertruck көлігі. Бұл көлік төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетуге және іздестіру жұмыстарын жылдам жүргізуге арналған. Бұған дейін мұндай техника Алматының таулы аймақтарында қолданылып, туристер мен альпинистерді іздеу-құтқару жұмыстарына пайдаланылған. Көліктің ішінде спутниктік интернет, түнде көруге арналған дрондар, арнайы байланыс құралдары және тоқ көзі бар. Сондықтан ол қиын жағдайда да тиімді жұмыс істей алады. Айта кетерлігі, электрлі техника табиғатқа зиян келтірмейді әрі түтін шығармайды. Сол себепті оны көлікке шектеу қойылған табиғи аймақтарда да еркін қолдануға болады. Сонымен қатар таулы, жолы қиын жерлерде де жылдам қозғалуға, жұмыс істеуге ыңғайлы.