Алдағы күндері мәдени-туристік іс-шаралар өтеді

20
2026-05-14

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми кездесуі аясында мәдени-туристік іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі – 16 мамыр күні Қолөнершілер орталығында өтетін ұлттық қолөнер жәрмеңкесі. Шарада шеберлердің бірегей туындылары таныстырылып, ұлттық өнер насихатталады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірде туризм инфрақұрылымын дамыту, тарихи нысандарды жаңғырту және туристерге қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар Түркістанның рухани әрі туристік орталық ретіндегі мәртебесін арттыра түседі.