Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындық аясында әскери полиция бөлімі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Негізгі міндет — іс-шараға тартылған Қорғаныс министрлігінің әскери техникалары мен жеке құрамын қауіпке ұрындырмай ілесіп алып жүру, оларды белгіленген орындарға уақытылы жеткізу және саммит аяқталғаннан кейін әскери бөлімдеріне кері шығарып салу. Сонымен қатар құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қатар жүргізілуде. Бұдан бөлек, әскери полицияның кинология қызметі де арнайы мақсатта жұмыстар атқарып, қауіпсіздік шараларын күшейтуге жұмылдырылған.