«Ботай» этно-пластикалық спектаклі сахналанды

23
2026-05-13

Astana ballet театрында «SENSITIVE» (СЕНСИТИВ) ерекше театрының 20 жылдығына арналған «Ботай» этно-пластикалық спектаклінің премьерасы өтті. Есту қабілеті нашар өнерпаздар сахналаған қойылым үнсіздігімен ерекшеленді. Барлық іс-әрекет көрерменге эмоция, жарық пен хореография арқылы  берілді. Ежелгі Ботай мәдениетін арқау еткен спектакльді тамашалаған Мәулен Әшімбаев театр ұжымының шығармашылығына жоғары баға беріп, «SENSITIVE» театрының инклюзивті өнерді дамытуға және ерекше жандардың қоғамға бейімделуіне үлкен үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ қойылым,  жылқыны қолға үйрету кезеңін терең мағыналы сахналық бейнелер арқылы көркем жеткізуімен де ерекшеленді.