Жасөспірімді көлік қағып кетті

26
2026-05-13

Астанада жасөспірімді көлік қағып кетті. Бейнебақылау камерасынан 13 жастағы оқушының бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолға жүгіріп шыққаны байқауға болады. Салдарынан жүйіткіп келе жатқан көлік тоқтап үлгермей, жеткіншекті бірнеше метрге дейін ұшырып әкеткен. Жол апатынан түрлі жарақат алған бала қазір ауруханада жатыр. Желі қолданушылары арасында жасөспірімдердің мұндай әрекеті қауіпті ойын салдары не аниме кейіпкерлеріне еліктеу болуы мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр. Бұл ақпарат ресми түрде расталмаса да, ведомство өкілдері ата-аналарды бала қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шықырды.