Түркістан
EN

«Қазақмыстың» мүлкіне қол сұққандар құрықталды

99
13.05.2026

«Қазақмыс» компаниясының мүлкіне қол сұққан азаматтардың әрекеті әшкереленді.  Полиция қызметкерлері мекемеге ірі көлемде шығын келтірілген төрт бірдей ұрлық дерегін ашты. Тергеу барысында олардың компания аумағынан жанармай ұрлаумен айналысқаны анықталған. Күдіктілердің үй-жайынан бір тоннадан астам жанармай, ірі көлемдегі ақша, көлік құралдары және оқ-дәрісі бар қару,  өзге де заттай айғақтар тәркілеген. Өткен жылы Ұлытау облысында осыған ұқсас жәйттер бойынша бірнеше қылмыстық топ ұсталып, келтірілген шығынның 95%-ы өтелген. Күдіктілер сотқа тартылып, жаза арқалады. Соған қарамастан, биыл да мұндай заңсыз әрекеттер тыйылмай тұр.