Саммит қауіпсіздігіне күштік құрылымдар толық дайын

22
2026-05-13

 Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Халықаралық деңгейдегі маңызды жиын алдында қалада күштік құрылымдардың саптық дайындығы өткізіліп, құқық қорғау органдарының әзірлігі пысықталды. Іс-шараға ІІМ өкілдері, полицияның жеке құрамы мен арнайы қызмет көліктері жұмылдырылды. Қызметкерлердің тәртібі, арнайы жабдықтары және техникалардың дайындығы тексерілді. Қазір шаһардың орталық көшелері мен саммит өтетін аумақтарында бақылау күшейтіліп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша экипаждар қызмет атқаруда. Сонымен қатар бейнебақылау жүйелері арқылы тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, полиция қызметкерлері халықаралық саммиттің қауіпсіз әрі жоғары деңгейде өтуіне толық дайын.