Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары Диене Кейта келді. Ол ел Премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесті. Екеуара әңгімеде денсаулық саласы, ана мен баланы қорғау, әйелдер мен жастарды қолдау жайы сөз болды. Ұйым өкілдері Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне жасанды интеллект енгізіліп жатқанына ерекше тоқталып өтті. Оған қоса технологиялық жабдықталуына да баса назар аударды. Айта кетерлігі, соңғы 5 жылда елімізде ана өлімі 35 пайызға, бала өлімі 25 пайызға кеміген. Біріккен ұлттар ұйымында халықтың қоныстануына жауапты қызмет атқаратын маман Үкімет басшысы арқылы ел Президентіне сәлемін жеткізді.