Көкшетаудағы жол апатына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

25
2026-05-12

Көкшетаудағы аулалардың бірінде болған қайғылы жағдайға байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам көлік тізгінін жүргізуші куәлігі жоқ жұбайына сеніп тапсырған. Салдарынан тәжірибесіз жүргізуші жайбарақат кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып, 52 жастағы әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қазір рөлге отырған әйелге және темір тұлпарды заңсыз иеленуге рұқсат берген оның жолдасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдікті әйел үйқамақта отыр. Ал оның күйеуіне жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлік бергені үшін айып тағылды.  Бұл бап бойынша тіпті бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір апаттың мән-жайын полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алды.