Шымкенттің бұрынғы соты әйелі екеуіне арнап кесене салдырған. Көзі тірі адамға мазар тұрғызған судья туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Шенеунік хан сарайындай бейітті елден жымқырған ақшаға тұрғызған болар деп топшылайды жұрт. Қазығұрттың ең көрнекті жеріндегі көк күмбезді кесенені Бекет Тұрғараев өзіне арнап салыпты деген ақпарат елді елең еткізді. Расында бұл кесенені экс судья, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев салдырған. “Бабалар рухына тағзым” деп аталатын кешен құрамындағы, Пір Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына орай тұрғызылған екен. Ал, діни басқармадағылар мұндай әрекетті құптамай отыр. Ал Бекет Тұрғараев өзімен аттас әулиеге арнап салынған деп ақталғанымен, кесененің тіпкі мақсатынан жасыра алмады. «Әйтеуір бір күні өлімнің болары хақ» деген экс судья кесене ішіне әке-шешесімен қоса, жарына да ескерткіш бюст орнатқан.