Колледж басшылары бюджет қаражатын жымқырған

20
2026-05-12

Шымкентте колледж басшылары мен бухгалтерлер 1,3 млрд бюджет қаражатын жымқырған. Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген тергеу барысында мегаполюстегі «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» мен «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжінің» құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған. Нақтырақ айтсақ, заңсыз оқуға қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтар рәсімделіпті. Сонымен қатар медициналық колледждің ақылы бөлімінде оқыған студенттердің бір бөлігі мемлекет есебінен білім алушылар ретінде тіркелгені анықталды. Бұдан бөлек, «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаражатын алу үшін формалды құрылым ретінде пайдаланылған. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы залал 1,3 млрд теңгеден асты. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.