Түркістан
EN

Қырағы иттер қауіпсіздік күзетінде

98
08.05.2026

Ұлттық ұлан сапында мыңнан аса қырағы ит ел қауіпсіздігін күзетеді. Бұл жануарларды тәжірибелі кинологтар түрлі әрекеттерге күшік кезінен үретеді. Астана қаласындағы бөлімшенің сержанты Болат Әлжанов 17 жыл ішінде бірнеше иісшіл итті өсірген. Оның алғашқы серігі Дакл сегіз жылдан аса уақыт қызмет еткен. Одан кейінгі иті Лаки есірткіні іздеуге бейімделген. Ал, қазір Эльза деп аталатын төбетімен кинологтар арасындағы түрлі бәсекеде үздік нәтиже көрсетіп жүр. Бұл жануар жарылғыш заттарды табуға машықтанған.