Ұландықтар ардагерлерге арнап мерекелік кеш өткізді

4
2026-05-06

 Елордада мамыр мерекелерінің рухы сахнада, ал ізет пен құрмет жүректерде тоғысты. Ерлік пен елдікке тағзым еткен Ұлттық ұлан сарбаздары бұл жолы қару емес, өнер арқылы алғысын білдірді. Астанадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткен әсерлі концерт өткенге құрмет, бүгінге тағылым, болашаққа сенім сыйлаған ерекше кешке айналды. Қарттар үшін бұл тек концерт емес, көңілге демеу, жүрекке жылу болған тағылымды кездесу болды.