Елімізде топырақ құнарлығын төмендеткен фермерлер жерінен айырылуы мүмкін. Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды. Депутаттардың айтуынша, бүгін деградацияға ұшыраған жердің ауқымы өте үлкен. Және ол келешекте орны толмас жәйттерге әкеп соқтырады. Жаңа заң жобасы шаруаларға қойылатын талаптарды қатаңдатпақ. Алдымен мониторинг жүргізіліп, құнарлылық көрсеткіші төмендегені анықталса, фермерге ескерту жасалады. Жағдайды түзетуге 1 жыл уақыт беріледі. Жауаптылардың пікірінше, бұл қадам қара жерді тек табыс көзі емес, ұлттық байлық ретінде сақтауға септігін тигізбек.