Бизнеске қатысты қылмыстық істер саны 4 есе азайды

4
2026-05-06

Бизнеске жасалған қысым азайып, инвестициялық ахуал жақсарып келеді. Соңғы үш жылда кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істер саны 4 есеге қысқарған. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен жиында мәлім болды. Премьер-министр инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы тосқауылдарды жою, және шетелдік капиталды тарту жұмысын күшейту мәселелері туралы айтты. Қазіргі таңда Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб белсенді режимге көшкен. Бірінші тоқсанның өзінде жалпы құны 25 жарым миллиард доллар болатын 44 ірі жоба қаралды. Бизнес өкілдерінен түскен 200-ден астам өтініштің 40 пайызы оң шешімін тапты. Бас прокуратура жанындағы арнайы комитет мемлекеттік органдармен бірлесіп, бизнестің мұң-мұқтажын жедел шешуге кіріскен. Биылдың өзінде 600 инвестордың құқығы қорғалып, әрбір өтініш тікелей қаралып жатыр.