Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Қр Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Қызылорда облысын басқарды. Сыр өңірінің тумасы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1997–1998 жылдары мұнай өндірісінің сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. Одан соң, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы және Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласын басқарған. Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрі кеңсесінде де еңбек етті. Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымын Роман Скляр атқарған еді.