«Қатынқамал» қойылымының тұсаукесері өтті

9
2026-05-05

Түркістандағы Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрында «Қатынқамал» қойылымының тұсаукесері өтті. Журналист, сазгер Бекжігіт Сердәлінің қаламынан туған туындыны режиссер Нұржан Ізтаев сахналаған. Қойылым жаугершілік заманда ерлер майданға аттанғанда, туған жер тағдырын иығына арқалаған қыз-келіншектердің қайсарлығын баяндайды. Сахнадағы ар-намыс пен еркіндік жолындағы күрес көрерменді бейжай қалдырмады. Олар кейіпкерлермен бірге сезінді, бірге күйзелді және бірге ойланды. Режиссер мен мықты актерлер ансамблі ұлттық рух пен аналар қайсарлығын бір арнаға тоғыстырып, көпшілікті ой тұңғиығына жетеледі. «Қатынқамал» – тарих беттеріндегі өшпес ерліктің бүгінгі сахнадағы жарқын бейнесіне айналды.