Заңсыз жолмен дәрі жеткізіп, ел қазынасына 4 млрд теңгеге жуық шығын келтірген компанияның ісі әшкере болды. Олар Дюшенн бұлшықет дистрофиясын емдеуге арналған дәрілерді көлеңкелі жолмен сатқан. Мұны қаржылық мониторинг агенттігі анықтады. Заңға қайшы әрекет жасаған ұжым бұлшықетті емдеуге арналған препараттың еліміздегі жалғыз тасымалдаушысы болған. Алайда компания басшылығы бес жыл бойы Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген компанияны қосып, жалған мәмілелер жасаған. Оған қоса қазынаға 637 млн теңге салықты да төлемеген.