900-ден астам қару тәркіленді

12
2026-05-05

Елімізде жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленді. Оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар. Жалпы ішкі істер министрлігі заңсыз қару айналымына қарсы күресті күшейтіп жатыр. Сәуір айының соңында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілді. Нәтижесінде үш күн ішінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленген. Құқық қорғау органдары ел тұрғындарына суық қаруларды үйде сақтамай, өз еркімен оны тиісті орындарға тапсыруға шақырды.