Өскемендегі зауытта жарылыс болып, 4 адам зардап шекті. Төтенше жағдай қызметкерлерінің мәліметінше, зауыттағы шаң жинайтын құрылғы жарылған. Артынша өрт шыққан. Қатты соққыдан ғимараттың бір бөлігі опырылып түсіпті. Қазір оқиға орнында арнайы штаб құрылып, төтенше жағдай қызметі жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар басқа да зардап шеккендерді іздестіруде.